ШҚО-да 17 ақпанға дейін қар көшкіні жүру қаупі бар

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында 17 ақпанға дейін қар көшкіні жүруі мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 15-17 ақпан аралығында өңірде қар көшкіні жүру қаупі бар.

«Метеорологиялық жағдайдың өзгеріп, желдің күшеюіне байланысты облыстың таулы жерлерінде қар көшкіні түсуі ықтимал. Осы ретте, тұрғындарға барынша абай болуды, ешбір жағдайда тауға шықпау қажеттігін ескертеміз. Егер қандай да бір қиындыққа тап болсаңыз бірден «112» нөміріне қоңырау шалыңыз, - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Сондай-ақ құтқарушылар өңір жұртшылығына алыс сапарға шығар алдында жолдардың жай-күйін «Дәрмен» мобильді қосымшасы арқылы тексеріп отыруға кеңес берді.


Соңғы жаңалықтар