ШҚО-да 15 үйге су кірді

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстанның Бесқарағай ауданында 2 үйді су басып, 13 аула бүлінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аудан орталығы саналатын Бесқарағай ауылында Куликов көліне жақын үйлерге қауіп төнген. Ақпан айында ғана өзен бойындағы үйлердің сыртынан инертті материал төселген болатын. Алайда су жер астынан шығып, аулаларға жайылуда.

Құтқарушылар 2 үйдің тұрғындарын қауіпсіз жерге көшірген. Бұдан бөлек 13 үйдің ауласына су жайылған. Төтенше жағдай қызметкерлері жайылған суды сорғытып жатыр.

«Бесқарағайлық құтқарушыларға Семей қаласынан қосымша жасақ көмекке келді. Қазірдің өзінде 25 000 текше метр су сорылды. Куликов көлінен шыққан суды ауылдан шеткері әкету жұмыстары жүріп жатыр. Ұзындығы 150 метр болатын арна қазылды. Өскеменнен де Шығыс өңірлік жедел аэроұтқыр құтқару жасағының тобы аттанды» - делінген төтенше жағдайлар департаменті таратқан ақпаратта.

null

Департамент дерегіне сенсек, Кривнка, Семияр ауылдарына Ертіс өзенінен де қауіп төнуі мүмкін. Құтқарушылар сақтық үшін ертең өзеннің аталмыш ауылдарға жақын бөлігінде мұз жару жұмыстарын жүргізбек.

null null null

Соңғы жаңалықтар