ШҚО-да 147 ауыл көлік қатынасымен дұрыс қамтылмаған

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстанда тұрғын саны 100 адамнан асатын 147 ауыл жолаушы көлік қатынасымен дұрыс қамтылмаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Заң бойынша еліміздегі тұрғын саны 100 адамнан асатын елдімекеннің барлығы жолаушы көлік тасымалымен қамтамасыз етілуі тиіс. Шығыс Қазақстанда бұл санатқа жататын 587 ауыл бар. Қазір солардың тек 440-ы, яғни, 75 пайызы ғана жолаушы көлік қатынасымен тұрақты қамтылып отыр. Облыстық жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Нұржан Жұмаділов БАҚ өкілдеріне осындай дерек айтты.

Мемлекет ауданаралық және ауданішілік көлік қызметін субсидия арқылы қолдап отыр. ШҚО-ның 10 ауданы бұл мақсатқа жылына 144 млн теңге жұмсайды.

«Осы олқылықтың орнын толтыру үшін 12 аудан бойынша 65 маршруттың тізбесі жасалды. Аудан әкімдері осы бағыттарға тасымал ұйымдастырып, оны субсидия арқылы қолдау жолдарын қарастыруы тиіс. Әзірге бұл мақсатқа Аягөз, Глубокое, Жарма, Зайсан, Катонқарағай, Көкпекті, Күршім, Тарбағатай, Үржар және Шемонаиха аудандары қаржы бөлді», - дейді Нұржан Жұмаділов.

Соңғы жаңалықтар