+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

ШҚО-да 140-тан аса тұрғынға табиғатты ластағаны үшін айыппұл салынды

2020 жылғы 30 шілде 16:07
Бөлісіңіз:
ШҚО-да 140-тан аса тұрғынға табиғатты ластағаны үшін айыппұл салынды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы аумағында 24 шілде мен 30 тамыз аралығында қоршаған ортаны қорғау және ластанудан сақтау мақсатында «Таза Қазақстан» жедел-профилактикалық шарасы өтіп жатыр.

Ұқсас жаңалықтар
Маңғыстау облысында Қызыл кітапқа енгізілген балық аулаған браконьерлер ұсталды Таза Қазақстан: Бір аптада қауырт желіге қоқыс үйінділеріне қатысты 623 шағым түскен ШҚО әкімі Семей медициналық мекемелеріне жаңа автокөлік кілттерін табыс етті

Ол экология заңнамасын бұзушыларды анықтауға бағытталған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мекемедегілердің хабарлауынша, қазір полиция қызметкерлері қала мен елдімекен аумақтарын абаттандыру ережелерін бұзу, инфрақұрылым, жасыл алқапты жою және зақым келтіру бойынша 147 фактіні тіркеген.

«Жақында Өскемен қаласы Полиция басқармасының қызметкерлері көлігіне қоқыс тиеп алып, бекітілмеген жерге төккен адамды анықтады. 36 жастағы тәртіп бұзушы ҚР ӘҚБК 505-бабы бойынша әкімшілік жауапқа тартылды», - деді ШҚО ПД басшысының міндетін атқарушы Жанболат Кәлетаев.

ШҚО Полиция департаментінің хабарлауынша, полиция қызметкерлері апта бойы табиғатты қорғау заңнамасын, су айдындары мен басқа да қорғауға алынған жерлердегі тәртіпті бұзу оқиғаларын тіркеуге алынады.

Фото: ШҚО ПД

Авторы: Орал Ерланұлы


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT