ШҚО-да 14 жастағы Медет Маратовтың өліміне қатысты күдікті оқушы қыз ұсталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Тәртіп сақшыларының нұсқасы бойынша, Прапорщиково кентінің 14 жастағы тұрғыны Медет Маратовтың өліміне кәмелет жасқа жетпеген оқушы кінәлі. Қайтыс болған жасөспірімнің достары қайғылы оқиғаның алдында оның сыныптас қызбен ұрысып қалғанын айтып берген, деп жазады YK-news.kz.

Еске сала кетейік, 20 сәуір күні 14 жастағы Медет Маратов Прапорщиково кентінде мектептен үйіне оралмай қалған. Екі тәулік өткен соң, полицейлер қазандықтың қараусыз қалған ғимаратынан жасөспірімнің денесі бірнеше жерден пышақталған мүрдесін тапты.

ШҚО ІІД-нің басшылығы тергеуді ерекше бақылауға алды. Қайтыс болған баланың жақын достары оның өліміне сыныптас қыздың қатысы бар болуы мүмкін екенін айтқан. Сол күні ол қызды үйіне шығарып салуға кеткен. Бүгін жасөспірм қыздың Медетті өлтіргенін мойындағаны белгілі болды.
«Жедел-іздеу шарасында Медет Маратовты өлтірді деген күдікті ұсталды. Ол Прапорщиково кентінің кәмелет жасқа жетпеген тұрғыны болып шықты. Қылмыстың барлық мән-жайы тексеріліп, аяқталған соң тиісті процессуалдық шешімдер қабылданады. Жасөсірім қыз өз кінәсін мойындады», - деп хабарлады ШҚО ІІД баспасөз қызметінің бастығы Бақытжан Торғаев.
Қайтыс болған жасөспірімнің сыныптастары оның өліміне қыздың досы да қатысты болуы мүмкін екенін айтқан.
«Жасы үлкен жігіт ренжіген қызды қорғап, Медетті өлтірді-мыс» деген де нұсқа қарастырылып отыр.

Соңғы жаңалықтар