ШҚО-да 13 заңды тұлғаларға арналған халыққа қызмет көрсету орталығы ашылады

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысының 13 ауданы орталығында заңды тұлғаларға арналған ХҚКО ашылады. Сондай-ақ 18 мамырдан бастап Өскемен қаласында шағын және орта бизнеске қызмет көрсету үшін 4 орталық өз жұмысын бастамақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Құжаттарды қабылдау санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, 1414 байланыс орталығы немесе egov.kz сайтындағы арнайы сервис арқылы жүзеге асырылады.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының ШҚО бойынша филиалы мемлекеттік қызметтерді сапалы және тиімді көрсету үшін кәсіпкерлерге құжаттарының толық пакетін ұсынуды, сондай-ақ халыққа қызмет көрсету орталықтарында маска режимін сақтауды сұрайды. Санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтау мақсатында филиал қызметкерлері бетперде мен қолғап арқылы жұмыс істейтін болады», - деп хабарлады орталықтың баспасөз қызметі.

Айта кету керек, жеке тұлғалар мемлекеттік қызметтерді egov.kz электронды порталы, eGov Mobile мобильді қосымшасы және телеграмдағы egovkzbot2.0 боты, Facebook және Vk әлеуметтік желілері арқылы алуды жалғастырады. Заңды тұлғаларға арналған ХҚҚО-ның жұмыс кестесі: дүйсенбі-жұма аралығы 9.00-ден 17.00-ге дейін, сенбі күні 9.00-ден 14.00-ге дейін.


Соңғы жаңалықтар