ШҚО-да 13 мигрант ел аумағынан шығарылды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында көші-қон заңнамасын бұзған 13 шетелдік елден шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңірде 15-19 ақпан аралығында «Мигрант» жедел алдын алу шарасы жүргізілуде.

«Екі күн ішінде көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 87 шетелдік азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның 13-і ел аумағынан шығарылған. Сондай-ақ уәкілетті органдардың рұқсатынсыз шетелдіктерді жұмысқа алған 8 адам жауапқа тартылды. Мәселен, олардың бірі Өзбекстан Республикасының азаматтарын заңсыз жұмысқа тартқан. Оған ӘҚБтК-нің 519-бабы 1-бөлігі бойынша 30 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды», - делінген хабарламада.

Бұдан бөлек, Семейде заңсыз көші-қон ұйымдастырудың бір фактісі тіркелді. Жедел алдын ала шарасы барысында криминалдық полиция қызметкерлері іздеуде жүрген 8 қылмыскерді қолға түсірді.


Соңғы жаңалықтар