ШҚО-да 12 жасар оқушы қыз асылып қалды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - 14 қарашада пәтерде асылып қалған 12 жасар мектеп оқушысының денесі табылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Шығыс Қазақстан облыстық ІІД баспасөз қызметінің басшысы Бақытжан Торғаевтың айтуынша, оқушы қыздың асылып тұрған денесі ол тұратын пәтерден табылған. Факті Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді, ҚР Қылмыстық кодексі, 105-бабының («Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу») 3-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Барлық қажетті сот сараптамалары белгіленіп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Жергілікті БАҚ-тың жазуынша, Зыряндағы №6 орта мектептің оқушысы атасымен бірге тұрып келген, анасы ата-аналық құқығынан айырылған. Полиция жасөспірім қыздың өлімінің себептерін анықтап жатыр.

Соңғы жаңалықтар