+7 (701) 759 90 19
USD 420.79 EUR 511.98
RUB 5.67 CNY 64.46
Jańalyqtar

ШҚО-да 116 тірек ауыл көркейе түседі

2020 жылғы 20 қазан 23:47
Бөлісіңіз:
ШҚО-да 116 тірек ауыл көркейе түседі

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында биыл ауылдарды дамыту үшін 50-ден астам жоба жүзеге асырылмақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан коммунистік халық партиясы Шығыс Қазақстан филиалы «Ауыл - Ел бесігі» жобасын іске асыруды талқылау бойынша отырыс өткізді. Шара барысында ауыл шаруашылығы саласын дамыту мәселелері талқыланып, осы жылы іске асыру жоспарланған жобалар қаралды.

Облыстық Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары Фархад Белбеевтің айтуынша, басты міндет – әлеуметтік-инженерлік инфрақұрылымды дамыту, ауылдық жерлерде жайлы өмір сүруге жағдай жасау.

«Бағдарлама шеңберінде біз ауыл тұрғындары ешқайда кеткісі келмейтіндей және мемлекеттік қызметтер, әлеуметтік игіліктер алуға, қала тұрғындарынан қалыс қалмайтындай, өзін-өзі дамытумен айналысуға мүмкіндік болатындай өмір сүру жағдайларын жасауға тиіспіз. Бағдарлама аясында ТҮКШ, әлеуметтік-мәдени объектілерді, көлік инфрақұрылымын күрделі, орташа және ағымдағы жөндеуге қаражат бөлінеді. Бұдан бөлек, су, газ және электрмен жабдықтау желілерін салу және реконструкциялау жоспарлануда. Спорт, мәдениет, білім және денсаулық сақтау нысандарын салу да көзделген», - деді ол.

Өткен жылы «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында 8 жоба іске асырылған. Биыл 20 тірек ауылда 54 жоба жүзеге аспақ. Оның ішінде білім беру саласында – 13, денсаулық сақтау саласында – 6, спорт саласында – 6, мәдениет саласында – 6, жол жөндеу саласында – 20. Жобалар Глубокое, Бородулиха, Көкпекті, Күршім, Марқакөл, Қалжыр, Үлкен Нарын, Катонқарағай, Солдатово, Тұғыл, Ақжар, Үржар және басқа да ауылдарда жүзеге асырылады. 2026 жылдың соңына дейін бағдарлама шеңберінде мемлекеттік қолдау шараларымен барлық 116 тірек ауыл қамтылады.

«Қалған ауылдар шеткері қалмайды, оларға да мемлекеттік қолдау шаралары көрсетіледі. Нақты айтсақ, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды дамыту, ұсақ тауар өндірушілерді орта және ірі ауыл шаруашылығы кәсіпорындарына біріктіру. Облыстың қолайлы климатын ескеретін болсақ, ауыл шаруашылығы саласын дамыту – біздің өңір үшін маңызды міндеттердің бірі», - деп түйіндеді облыс әкімінің ауыл шаруашылығы жөніндегі орынбасары Ержан Нұрбаев.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT