ШҚО-да 11 жатақхана пайдалануға беріледі

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - 2018-2022 жылдары Шығыс Қазақстан облысында 11 жатақхана пайдалануға беріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат altaynews.kz сілтеме жасап.

Облыс әкімінің орынбасары Серік Ақтановтың айтуынша, бірнеше құрылыстың жұмысы басталып та кеткен. Жатақханалар өңір аумағындағы ЖОО-лар мен колледж шәкірттері үшін салынады. Онда барлығы 4 608 орын қарастырылған.

Бұдан бөлек аймақтағы жетекші ЖОО-лары үшін тағы үш нысанның құрылысы жоспарланып отыр: Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚМУ үшін 600 орынды, Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-ға 500 орынды, Шәкәрім Мемлекеттік университетінің шәкірттеріне 500 орынды студенттер үйі салынады.

Айте кетерлігі, жыл аяғына дейін Семей қаласындағы электротехникалық колледждің 250 орындық жатақханасы ашылады.

Соңғы жаңалықтар