ШҚО-да 1027 референдум учаскесі жұмыс істеп тұр

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында 1027 дауыс беру учаскесі жұмыс істеп тұр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңірде республикалық референдумда дауыс беру басталды. Облыс бойынша таңғы 7-де 1027 дауыс беру учаскесі ашылды. Оның ішінде Өскемен қаласында 120 учаске жұмыс істеп тұр.

ШҚО-да 911 455 адам референдумға қатысуға құқылы. ШҚО аумақтық референдум комиссиясына 9114 азамат тұрғылықты жерінен басқа елді мекенде дауыс беруге рұқсат алған.

Облыстық Ақпарат орталығының мәліметіне сүйенсек, дауыс беру учаскелеріне келіп жатқан халық саны аз емес. Олардың жас ерекшеліктері де әртүрлі. Мәселен, Ұлан ауданында 88 жастағы Қасенжар Ескендіров пен 85 жастағы Шамзада Ескендірова өз таңдауын жасады.

«Бұл күнді біраз күттік. Конституцияға ұсынылған түзетулерді оқып шықтым. Референдумның маңыздылығын түсінгендіктен бүгін дауыс беруге келіп отырмыз», - дейді Қасенжар Ескендіров.


Соңғы жаңалықтар