+7 (701) 759 90 19
USD 429.75 EUR 507.45
RUB 5.61 CNY 63.93
Jańalyqtar

ШҚО-да 100 гектар дала мен 350 тоннадан астам шөп өртенді

2020 жылғы 21 қыркүйек 14:25
Бөлісіңіз:
ШҚО-да 100 гектар дала мен 350 тоннадан астам шөп өртенді

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданында ірі өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Атырауда студенттер жатақханасынан өрт шықты Алматыдағы автосервисте 9 көлік өртеніп, 3 көлікке нұқсан келді БҚО-да үй өртеніп, газдан уланған әйел қаза болды

Өңірдегі құрғақ әрі желді ауа райы шөптің өртенуін жиілетуде. Көп жағдайда бұған себеп – тұрғындардың отпен абайсыз әрекет етуі. Зайсан, Жарма, Үржар және Күршім аудандарындағы жергілікті билік қызыл жалынның ары қарай таралуына жол бермес үшін өрт сөндірушілердің көмегіне жүгінген.

«Ең ірі өрт Күршім ауданы Боран ауылдық округінде тіркелді. Күшті желдің салдарынан тілсіз жау тез арада сол маңайға жайылып кеткен. Отты ауыздықтауға 20 өрт сөндіруші, 60 жергілікті тұрғын, 12 орман шаруашылығы мекемесінің қызметкері, 4 жергілікті атқарушы орган өкілі және 6 автоцистерна жұмылдырылған», - деп хабарлады ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Тек бүгін таңға қарай 100 гектар дала мен 364 тонна шөпті шарпыған өрт өшірілді. Жалын жақын маңдағы елді мекендерге жетіп үлгерген жоқ.

Айта кетейік, өткен аптада ғана облыста 17 дала өрті орын алған болатын. Соның салдарынан 365 гектар дала өртенген.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT