ШҚО-да 10 жыл бойы қос азаматтықпен жүрген ресейлік анықталды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында 10 жыл бойы қос азаматтықпен жүрген ресейлік анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, тәртіп сақшылары Бородулиха ауданында қос азаматтықпен жүрген 67 жастағы зейнеткерді анықтады. Ол 2012 жылы Ресей Федерациясы Алтай өлкесінде сол елдің азаматтығын алғанымен осы күнге дейін Қазақстандағы құжаттарын пайдаланып келген.

«Белгілі болғандай, ер адам 10 жылға жуық уақыт көрші елдің азаматы бола тұра ҚР азаматының жеке куәлігін нотариусқа көрсетіп, өзінің жылжымайтын мүлігін сатпақ болған. Қазіргі уақытта құқық бұзушы қазақстандық құжаттарды пайдаланғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 496-бабы 1-бөлігіне сәйкес 100 АЕК мөлшерінде айыппұл төлеуге міндеттелді», - деді облыстық ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Ербол Бекпаев.

Сондай-ақ шетелдіктен ҚР азаматының жеке куәлігі мен паспорты тәркіленді.

Соңғы жаңалықтар