+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

ШҚО-да 10 жыл бойы іздеуде жүрген қылмыскер Алматыда ұсталды

2021 жылғы 21 сәуір 10:43
Бөлісіңіз:
ШҚО-да 10 жыл бойы іздеуде жүрген қылмыскер Алматыда ұсталды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында полиция қызметкерлері 10 жыл бойы іздеуде жүрген қылмыскерді Алматы қаласында ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Өскеменде жексенбі күні саяжайларға баратын автобустар қатынайтын болады Алакөл жағалауында жаз басталғалы бері 1200-ден астам құқық бұзушылық тіркелді 80-нен астам медқызметкер шетелде біліктілігін арттырады - ШҚО

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 2011 жылы 4 адам Өскемендегі сауда үйлерінің біріне шабуыл жасаған. Олар дүкеннен 3,5 млн теңгесі бар сейфті ұрлап кеткен. Аталған қылмысқа қатысқандардың үшеуі ұсталып, сотталды. Алайда қарақшылардың бірі осы уақытқа дейін бостандықта жүрген.

«10 жыл өткеніне қарамастан криминалдық полиция қызметкерлері күдіктіні іздестіру жұмыстарын күшейтті. Нәтижесінде ер адам Алматы қаласында анықталып, ұсталды», - деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мәдиев.

Қазіргі уақытта 44 жастағы азамат уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған. Алдағы уақытта ол Өскемен қаласына жеткізілетін болады.

Айта кетейік, осы жылдың бірінші тоқсанында тәртіп сақшылары іздеуде жүрген 46 қылмыскерді қолға түсірді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT