ШҚО-да 10 тоннадан астам алкоголь өнімін сатпақ болған топ ұсталды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстанның Үржар ауданында заңсыз алкоголь өнімін тиеген көлік қолға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға 18 наурыз күні болған. Үржар аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері 2000 данадан астам 5 литрлік торсық тиеген көлікті тоқтатады. Торсықтағы сұйықтық заңсыз жасалған алкоголь өнімі екені анықталған. Тексеру барысындағы 40 жастағы көлік жүргізушісі мен серігі тауарды аудан халқына сатпақ болғандарын мойындаған.

«Көлік иесі әкеле жатқан жүкке ешқандай да құжат ұсына алмады. Осыған байланысты әкімшілік іс қозғалып, жүк түгелдей тәркіленді. Енді ол толықтай сараптамадан өтеді. Оқиғаның өзге де жай-жапсарын тергеу шаралары анықтайды», - делінген облыстық полиция департаменті таратқан ақпаратта.

null

Соңғы жаңалықтар