ШҚО-да 10-нан астам шетел азаматы елден шығарылды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында 10-нан астам шетелдік елден шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңір аумағында «Мигрант» жедел алдын алу шарасы басталды.

«Соның аясында арнайы құрылған мобильді топ мүшелері заңсыз мигранттар кіруі мүмкін жерлерді патрульдеп, жолаушылар автобустарын, жеңіл және жүк көліктерді тексеруде. Бұдан бөлек, шетел азаматтарын жұмысқа тарту арқылы салынуы мүмкін ғимараттар, қоғамдық тамақтану орындары қадағалауға алынды. Шараның алғашқы күнінің қорытындысы бойынша соттың шешімімен 10-нан астам шетелдік елден шығарылды», - делінген ақпаратта.

Сондай-ақ 116 азамат әкімшілік жауапқа тартылды. 45 үй иесіне шетелдіктердің болуы туралы полицияға дер кезінде хабардар етпегені үшін айыппұл салынған.


Соңғы жаңалықтар