ШҚО-да 10 мың жуық түлек аттестат алды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Бүгін Шығыс Қазақстандағы барлық мектептерде түлектердің бітіру кеші өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қолға аттестат алатын 9740 оқушының 684-і «Алтын белгі» иегері атанбақ. Бұл былтырғы көрсеткіштен 130 балаға көп. «Алтын белгі» иегерлерінің саны жөнінен Өскемен қаласы (116)  бірінші орында тұр. Аягөз ауданында 108 оқушыға, Семей қаласында 67 оқушыға, Жармай ауданында 47 түлекке «Алтын белгі» табысталмақ. 

Үздік аттестат иегерлерінің саны бойынша да Өскемен, Семей қалалары мен Аягөз ауданы көш бастап тұр.

Өскемендегі бітіру кештерінің шымылдығын облыс әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова ашып берді. Оның қолынан бірінші сыныптан бері кілең «беске» оқып шыққан 24 түлек «Алтын белгі» алды.

Әсем Нүсіпованың айтуынша, биылғы оқу жылы өңірдің дарынды балалары үшін аса жемісті болды.

«Халықаралық және республикалық деңгейде өткен түрлі зияткерлік жарыстардан өңір өрендері 157 медаль жеңіп алған. Шығыстың дарынды оқушылары 10 жыл бойы халықаралық және республикалық олимпиадаларда олжа салып келеді. Осы жетістік үшін олар «Үздік олимпиадалық команда» деген атаққа ие болып отыр. Биылғы түлектер үшін республика бюджетінен 20 мың грант, облыс әкімінің 400 гранты бөлінді» - деді Әсем Нүсіпова.

Бітіру кештері салтанатты вальс пен флешмобқа ұласады деп күтілуде.

null

Соңғы жаңалықтар