ШҚО-да 10 млн теңге алимент қарыз әкеге іздеу жарияланған

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында алимент төлеуден жалтарып жүрген ер адамның қарызы 10 миллион теңгеден асқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңірде алимент төлемей жүргендерді анықтау үшін бірқатар шара атқарылуда.

«19 қазанда Өскемен қалалық полиция басқармасының көші-қон қызметіне 10 млн теңге мөлшеріндегі алиментті төлемей жүрген 45 жастағы ер адамға іздеу салу туралы сот шешімі келіп түсті. Әйел адам ұзақ уақыт бойы өзінің кәмелетке толмаған баласына алимент төлеуден жалтарған азаматты таба алмай жүрген. Тәртіп сақшылары 24 сағат ішінде борышкердің тұрғылықты мекенжайын анықтады. Енді қарызды өндірумен сот орындаушылары айналысатын болады», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Айта кетейік, көші-қон қызметінің полицейлері жыл басынан бері іздеу жарияланған 168 адамды бір тәулік ішінде тапқан.


Соңғы жаңалықтар