+7 (701) 759 90 19
USD 425.63 EUR 515.99
RUB 5.92 CNY 66.52
Jańalyqtar

ШҚО-да 10 дене шынықтыру-сауықтыру кешені бой көтереді

2021 жылғы 19 сәуір 12:29
Бөлісіңіз:
ШҚО-да 10 дене шынықтыру-сауықтыру кешені бой көтереді

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында 10 дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынбақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
ШҚО тұрғындары полицияға 150-ден астам атыс қаруын өткізді ШҚО-да 11 нысан Ashyq жобасынан шығарылды ШҚО-дағы демалыс базаларына туристерді қабылдауға рұқсат берілді

ШҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Досжан Уалханов онлайн форматта өткен баспасөз мәслихатында былтыр өңірде спортпен айналысқандар саны 427 мың адамға өскенін айтты.

«Еліміздегі дене шынықтыру және спортты дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасына сәйкес облыста бұқаралық спортты дамыту бойынша бірқатар жұмыс жүргізілуде. Спортты жанына серік етіп, салауатты өмір салтын ұстанған жандар үшін түрлі спорт нысандары салынып жатыр. Бүгінде облыс бойынша барлығы 3 мыңнан астам спорт кешені бар», - деді ол.

Өткен жылы 16 нысан пайдалануға берілген. Атап айтқанда, Ақтоғай кентінде, Көкпекті ауылында және Шар қаласында үш дене шынықтыру-сауықтыру кешені бой көтерді. Сондай-ақ екі жүзу бассейні, бес спорт алаңы, бес шағын футбол алаңы және бір хоккей қорабы салынған.

«Қазіргі таңда үш спорт нысанының құрылысы жүргізілуде. Бұл Катонқарағай ауылы мен Шемонаиха қаласындағы екі дене шынықтыру-сауықтыру кешені және Мақаншы ауылындағы бір спорт модулі. Сонымен қатар биыл Марқакөл, Ақсуат, Қайнар, Бородулиха, Самар, Бозанбай, Үлкен Нарын ауылдарында және Серебрянск қаласында 10 дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысын бастау жоспарланып отыр», - деді Досжан Уалханов.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT