+7 (701) 759 90 19
USD 425.95 EUR 495.12
RUB 6 CNY 66.6
Jańalyqtar

ШҚО-да 10 білім беру мекемесі мемлекеттік аттестаттаудан өтеді

2021 жылғы 20 қыркүйек 17:23
Бөлісіңіз:
ШҚО-да 10 білім беру мекемесі мемлекеттік аттестаттаудан өтеді

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында 10 білім беру мекемесі мемлекеттік аттестаттаудан өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Білім беру мекемелерін зейнеткерлер күзете ала ма – Сенатор сауалы Білім министрлігі әлемдегі көптілділік тәжірибесін тыңғылықты зерделеуі тиіс - Тоқаев ШҚО-да биыл тұрмысы төмен және көпбалалы 1125 отбасы баспаналы болады

Биылдан бастап мектептер мен балабақшалар білім беру стандарттары талаптарына сәйкестігін айқындау үшін аттестаттаудан өтеді. Бұл жайлы онлайн форматта өткен брифинг барысында ШҚО Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің басшысы Ботагөз Райымбекова мәлімдеді.

«Меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан барлық мекемелер бес жылда бір рет аттестаттауға жатады. Біз мектепке дейінгі оқыту ұйымдарын, орта мектептерді, техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерін аттестаттаудан өткіземіз. Ал жоғары оқу орындарды ҚР Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті аттестаттайды», - деді ол.

Ботагөз Райымбекованың айтуынша, осы жылдың екінші жартыжылдығында Шығыс Қазақстандағы 10 білім беру мекемесі, оның ішінде төрт балабақша, бес мектеп және бір колледж мемлекеттік аттестаттау рәсімінен өтуі тиіс. Аттестаттау нәтижелері бойынша білім беру ұйымдарына тиісті қорытынды беріледі.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT