ШҚО-да 1 мыңнан астам ауылда интернет сапасы жақсарады

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысындағы 1 мыңнан астам ауылда интернет сапасы жақсарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Цифрландыру және архивтер басқармасының мәліметіне сүйенсек, 10 қарашада ұялы байланыс операторлары өкілдерінің қатысуымен жиын өтті. Онда 250 және одан да көп тұрғыны бар ауылдарда жоғары жылдамдықты интернет тарту үшін «250+» бағдарламасын іске асыру талқыланды.

«Үш ірі ұялы байланыс операторы бағдарлама шарттарымен келісіп, меморандумға қол қойды. Нәтижесінде жалпы саны 600 мың тұрғыны бар 1 мыңнан астам ауылда интернет сапасы жақсарады. Енді оқушылар мен студенттердің еш кедергісіз қашықтан білім алуына мүмкіндік болады. Ұялы байланыс та ақаусыз жұмыс істейді», - делінген ақпаратта.

Сондай-ақ жиын барысында ІТ және цифрландыру саласында жаңа жұмыс орындарын ашу мәселесі талқыланды.


Соңғы жаңалықтар