11:59, 26 Шілде 2021 | GMT +6
ШҚО-да 1,8 млн теңге пара алған аудан әкімінің орынбасарына қатысты іс қозғалды
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысындағы аудандардың біріндегі әкімнің орынбасары 1,8 млн теңге пара алған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің мәліметіне сүйенсек, өңір аудандарының бірі әкімінің орынбасарына қатысты кәсіпкерден 1 800 000 теңге сомасында, яғни айтарлықтай мөлшерде пара алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.
- Күдікті қамауға алынды. Тергеу мүддесіне сәйкес басқа мәліметтер жария етуге жатпайды. Кінәлілік дәрежесін анықтайтын түпкілікті үкімді сот шығарады, - делінген хабарламада.