USD 434.24 EUR 492.69
RUB 5.67 CNY 68.46
Jańalyqtar

ШҚО-да 1,4 млн шаршы метр тұрғын үй салынып жатыр

2021 жылғы 26 қараша 22:31
Бөлісіңіз:
ШҚО-да 1,4 млн шаршы метр тұрғын үй салынып жатыр

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында 1,4 миллион шаршы метр тұрғын үй салынуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қаражалда 12 медицина қызметкеріне пәтер кілті табысталды ШҚО-дағы жол апаты 4 адамның өмірін қиып кетті ШҚО-да жанып жатқан үйден екі газ баллоны шығарылды

ШҚО әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, қазіргі уақытта өңірде 280 миллиард теңгеге 1,4 миллион шаршы метр тұрғын үй салынып жатыр. Осы жылы 647 мың шаршы метр баспана пайдалануға беріледі деп жоспарлан­ған.

«4 мыңға жуық отбасы қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз етіледі. Жеке инвестицияларды тарту есе­бінен құрылыс салушылар 104 мил­лиард теңгеге 86 коммерциялық үйдің құрылысын жүргізуде. Инвесторларға инженерлік инфрақұрылымы бар жобалар мен жер телімдері ұсынылды», - деді аймақ басшысы Даниал Ахметов.

Оның айтуынша, «Бірқабатты Шығыс» өңірлік бағ­дарламасы шеңберінде мемлекеттік қаражат есебінен жеке тұрғын үй құрылысы аудандарына инженерлік коммуникациялар жүргізіледі. Осы жылы жеке тұрғын үй құрылысының қарқыны артып, жеке инвесторлар 15,4 миллиард теңгеге 744 бірқабатты үй салып жатыр.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT