ШҚО бүркітшісі халықаралық байқауда топ жарды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Алматыда өткен «Сонар 2018» халықаралық бүркітшілер  байқауында шығысқазақстандық құсбегі бірінші орын иеленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыға Алтайдан бір топ болып барған облыстың бүркітшілері Азия чемпионатынан да жүлделі оралып отыр.

Айта кетсек, «Сонар 2018» байқауына әлемнің оннан астам елінен 90 бүркіт қатысқан. Үржарлық Өмірбек Нұғымұлының «Мұзбалағы» сол тоқсанның ішінен топ жарды. 

 «Біздің облыстан төрт бүркіт қатысты. Азия біріншілігінде бас жүлдені  қырғыздар әкетсе, халықаралық байқауда біздің мерейіміз үстем болды.  Азия біріншілігінде біздің бір бүркітіміз төртінші және тоғызыншы орын алды» - дейді  Шығыс-Алтай бүркітшілер федерациясының президент Тәттімбек Кәпұлы.

Халықаралық сайыс  «еркін ұшыру», «шырғаға салу», «қоянға салу», «түлкіге салу» сынды кезеңдерді қамтыған. Өмірбек Нұғымұлының қыранынан бөлек Тәттімбек Кәпұлының бүркіті үздік ондықты түйіндесе,  Ерзат Байқадамов пен Ермек Жетпісов баптаған мұзбалақтар ширек финалға дейін жеткен.

Соңғы жаңалықтар