ШҚО бизнесмендері колледждерде «Кәсіпкерлік негіздері» пәнін енгізуді ұсынды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысындағы Кәсіпкерлер палатасының өкілдері Астанада өткен «Кәсіби білім беру және бизнес: әріптестер диалогы» атты IV халықаралық форумында аймақтағы кәсіптік бейімдеу жұмыстарының барысы туралы баяндап берді.

ШҚО КП-ның өкілі Досжан Тұрғанбаев айтқандай, халықаралық форумның басты тақырыбы алдыңғы қатарлы халықаралық тәжірибені ескере отырып, Қазақстандағы кадрларды даярлау жүйесін дамыту мәселесі болды.

ШҚО КП-ның директоры Игорь Шацкий форум кезінде аймақтағы кәсіптік бейімделу жұмысының ұйымдастырылуы, оның ШҚО әкімдігімен бірлесіп іске асырылуы, сондай-ақ кәсіпорындар, білім ұйымдары және халықаралық инвестициялық ұйымдармен өзара әрекеттестігі туралы айтып берді. «Түлектердің көп бөлігінің кәсіби мақсаттары көбіне ел, облыс, аудан экономикасының қажеттіліктеріне сәйкес келмейді. Сапалы ұйымдастырылған тәжірибемен ұштастырылған бизнес түлектердің көбінің әлі даяр емес екенін көрсетеді. Осыған байланысты ҚР БҒМ-мен бірлесіп мемлекеттік тапсырыс бөлінген арнайы біліктіліктер бойынша мәселелерді талқылау, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің түлектерін ЖОО-ларға қабылдау мәселесін қарастыру ұсынылды», - деп атап өтті директордың әлеуметтік мәселелер бойынша орынбасары Роза Бисикенова. Оның айтуынша, ШОБ-ті дамыту үшін техникалық және кәсіби білім беру бағдарламасына кәсіпкерлік негіздері сағаттарын енгізу керек. Мысалы, Өскемен көпсалалы технологиялық колледжінде «кәсіпкерлік қызмет негіздері» пәнінің 48 сағаты енгізілді. Форумның соңында «2014 жылғы әріптестік көшбасшылары» байқауының қорытындылары шығарылды. Шығыс Қазақстан облысының атынан бұл байқауда екі кәсіпорын - «Азия Авто» АҚ мен «AES Өскемен ЖЭС» ЖШС «әріптестік көшбасшылары» атанды. Бұл кәсіпорындардың басшылары Серік Сағымбаев пен Мамытқан Сәлібековке арнайы сертификаттар табысталды.

Соңғы жаңалықтар