ШҚО: Биылғы жылдың І тоқсанында 70 мыңға жуық адам АӘК алады

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - ШҚО жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы Жасұлан Сәрсебаевтың айтуынша, осы жылдың алғашқы 3 айында 70 мыңға жуық адам АӘК алады деп жоспарланып отыр, деп хабарлайды Қазақпарат.

Облыс әкімдігінде өткен кеңейтілген аппарат отырысында аймақ бойынша атаулы әлеуметтік көмек көрсету мәселесі қаралды. Қазіргі уақытта жұмыспен қамту орталықтарында 4400-ден астам адам кеңес алып үлгерсе, тұрғындар тарапынан түскен 637 өтініш учаскелік комиссияға жіберілген.

«19 қала мен ауданда 2019 жылы АӘК алған, бірақ осы жылы аталмыш жәрдемақы аясына түспейтін отбасылар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін 258 ақпараттық топ құрылды. Бүгінде облыс бойынша түсіндіру жұмыстарымен 3581 отбасы қамтылған, оның ішінде 2038 аз қамтылған және 1543 көпбалалы жанұя бар», – дейді Жасұлан Сәрсебаев.

Қаңтар айының 5-нен бастап өңірдің түкпір-түкпірінде атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін тұрғындардан құжат қабылдануда. 2020 жылдың І тоқсанында 70 мыңға жуық адамға АӘК беріледі деп көзделіп отыр.

Айта кетсек, өткен жылы облысымызда 18500-ден астам отбасы, соның ішінде 6104 көпбалалы және 12400 аз қамтылған жанұярға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған болатын.

Автор: Талғатжан Мұхаметбекұлы


Соңғы жаңалықтар