ШҚО: Баласын құтқармақ болған әке суға батып кетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Глубоков ауданына қарасты Қарақожа ауылында 10 жастағы баласын құтқаруға тырысқан ер адам суға кетіп, мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

10 жасар бала әкесімен бірге көлдің жағасында демалыстарын өткізіп жатқан. Бала асты тасқа толы, мұздай таулы өзенге шомылмақ болады. Біраз уақыттан соң ол суға бата бастайды, артынан секірген әкесі ұлын жағаға қарай шығарып үлгереді. Алайда апатқа төтеп бере алмаған ер адам суға ағып кеткен.

«Іздестіру шаралары бірнеше күн жалғасты. Судың 10 сантиметрге дейін төмендегенін күттік. Қайғылы оқиға болған жерден 25 шақырым аумақта суға кеткен ер адамның мәйіті табылды»,- дейді ШӨАЖҚЖ-ның екінші бөлімшесінің құтқарушысы Валерий Лытарь.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, демалыс күндері тағы да екі адам суға кетіп, қаза тапқан.

Соңғы жаңалықтар