USD 434.34 EUR 491.93
RUB 5.56 CNY 68.67
Jańalyqtar

ШҚО балабақшаларында күніне екі рет дезинфекция жүргізіледі

2020 жылғы 18 наурыз 11:09
Бөлісіңіз:
ШҚО балабақшаларында күніне екі рет дезинфекция жүргізіледі

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – ШҚО білім басқармасының басшысы Сайрангүл Жұмаділова білім беру саласында коронавирустың алдын алу мақсатында қандай шаралар атқарылып жатқанын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Психикасы зақымдалған адамдар арасында коронавирустан өлім 5 есе жоғары - мамандар Коронавирус: БҚО-да 5 мыңнан астам адам амбулаторлық ем алып жатыр Алматыда  бір тәулікте 2 491 адамнан коронавирус анықталды

Қазіргі уақытта өңірдегі барлық мектепке дейінгі мекемелер қалыпты режимде жұмыс істеуде. Бірақ бүлдіршіндерді балабақшаға апару-апармау ата-аналардың өз құқығында. Осы ретте, Сайрангүл Жұмаділова мүмкіндік болса балалардың үйде отырғандары дұрыс екендігін айтты.

«16 наурыздан бастап облыстың барлық мектеп оқушылары каникулға шықты. Ал колледждер мен университеттер қашықтықтан оқытуға көшкен. Мұғалімдер де түгелдей қашықтан жұмыс істеуде. Оларға айлықтары бұрынғыдай төленеді. Мектептердегі каникул біткеннен кейін, қажет болған жағдайда қашықтықтан оқыту технологиялары қолданыла отырып, білім алу үшін жағдайлар жасалмақ», - дейді ол.

Бұдан бөлек, қосымша білім беру ұйымдары, оқушылар сарайы, музыка және өнер мектептері жұмысын тоқтатты. Барлық жоспарланған спорттық сайыстар кейінге шегерілген.

«Білім беру мекемелері жұмысқа қажетті нұсқаулықты алды. Балабақшаларда күніне екі рет дезинфекция жүргізілуде. Барлық жерде бақылау күшейтілген», - дейді басқарма басшысы.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT