ШҚО: аязға байланысты мектептерде сабақ болмайды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысының кейбір аудандарында аязға байланысты мектептердің бірінші ауысымда оқитын оқушыларға сабақ болмайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ШҚО төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Атап айтқанда. Зырян ауданында -38 градусқа дейін суық болуы мүмкін. Осыған байланысты 1-ауысымда оқитын 1-11 сыныптарға сабақ болмайды. Шемонаиха ауданында ауа температурасы -27 градусқа дейін төмендеп, 1-ауысымда оқитын 1-9 сыныптарға сабақ болмайды.

Соңғы жаңалықтар