ШҚО Аягөз ауданындағы мектептерде 1800 орын жетпейді

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Аягөзде «Нұрлы жол» бағдарламасының аясында екі мектеп салынып жатыр. Оның бірі тапсыруға дайын тұрса, екіншісін келесі жылы ашу жоспарланып отыр, деп мәлімдеді өңір әкімдігінің баспасөз қызметінен «ҚазАқпарат» ХАА тілшісіне.

600 оқушыға арналған мектеп-лицейдің құрылысы былтыр басталған. Мерзімінен бұрын бітіп жатқан миллиард теңгенің нысаны қазан айының аяғына қарай пайдалануға тапсырылады. Қазіргі кезде Аягөздегі орта білім беру мекемелерінде жалпы 1800 орын жетпейді. Осы мәселені ішінара шешу үшін көктемде бастауыш сыныптардың 500 оқушыға арналған аралас мектебі ашылған болатын.

«Аягөз ауданы өңірдің басқа аудандарынан білім беру сапасы мен оқытушылар біліктілігінің жоғарылығымен ерекшеленеді. Мысалмен айтқанда, еліміздегі ҰБТ-ны 138 балға тапсырған 8 баланың екеуі - осы жердің тумасы. Осы мектептердің ашылуы орын жетіспеушілігі мәселесін шеше алады. Тағы бір айта кететін жайт, биыл біз «Туған мектеп» жобасын қолға алдық. Ол 3 миллиард теңгеге өңірдің бүкіл мектептеріне қажетті құрал-жабдықтарды сатып алу мүмкіндігін береді», - дейді Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов.

600 оқушыға арналған тағы бір мектептің ашылуы Аягөзде үш ауысымда оқыту қажеттілігін түбегейлі жояды.

Соңғы жаңалықтар