ШҚО автожолында екі адам қаза тауып, үшеуі зардап шекті

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – «Омбы-Майқапшағай» тасжолында жол апатынан екі адам қаза тауып, тағы үш адам ауруханаға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шығыс Қазақстан облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 22 қараша күні сағат 19.00 шамасында Көкпекті ауданының маңында болған.

«ҚазАвтоЖолдың» ақпаратына сәйкес, «Lada Granta» көлігі аса жоғары жылдамдықпен келіп, жол бойында тоқтап тұрған «КамАЗ»-ға соғылған. Жүк көлігі апаттық тоқтау туралы «жол белгісін» қоймаған.

Салдарынан жеңіл көліктегі жолаушылардың бірі оқиға орнында көз жұмса, оның жүргізушісі ауруханада жан тапсырды. Машинада болған тағы үш жолаушы Көкпекті аудандық орталық ауруханасында жатыр.

«ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Сараптамалар тағайындалды», - деді полициядан.

Соңғы жаңалықтар