ШҚО ауылының түлектері мектеп бітіру кешінің орнына абаттандыру акциясын таңдады

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстанның Зайсан ауданына қарасты Сартерек ауылының мектеп бітірушілері түлектер кешінен бас тартып, өзге замандастарына эстафета жолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз соңғы қоңырау мерекесі қарсаңында көп қаражатты қажет ететін, бос мақтан мен ысырапшылдыққа әкелетін костюмдер мен көйлектерден, соңғы үлгіде жасалған, бағасы шарықтап тұрған мейрамханалардан астатөк жайылған дастарханнан өз еркімізбен бас тартамыз. Бар қаражатты бірауыздан «Жасыл табиғатты қорғайық» акциясына атсалыса отырып, өз мектебіміздің ауласын гүлдендіруге береміз деп шештік. Бұл эстафетаны Шығыс Қазақстанның барлық мектеп бітіруші түлектеріне жолдаймыз» - делінген бейнеүндеуде.

Еске салсақ, ҚР Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова мектеппен қоштасу кештерін өткізуге қатысты пікір білдірген болатын.

Соңғы жаңалықтар