ШҚО ауылында заманауи спорт кешені салынады

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Тұғыл ауылында дене шынықтыру және сауықтыру кешенінің құрылысы басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жаңа кешен заманауи құралдармен жабдықталады. Біз аудан орталықтарынан басқа елді мекендерге спорт кешенін көптеп салуды жоспарлап отырмыз. Себебі ауылдарда спорттың дамуына жағдай жасауымыз қажет. Ол жерлерде балалар мен жасөспірімдер арасында байрақты бәсекелерде ел намысын қорғайтын болашақ спортшыларымыздың бар екендігіне сенімдімін, – деді ШҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Денис Рыпаков.

Оның айтуынша, облыс әкімінің тапсырмасымен Ақжар ауылында ипподром күрделі жөндеуден өтеді. Сондай-ақ Дене шынықтыру және сауықтыру кешендерін Катонқарағай, Үржар, Бородулиха және Күршім аудандарының ауылдарында салу көзделіп отыр.


Соңғы жаңалықтар