ШҚО ауылдарының 40% жоғары жылдамдықты интернетпен қамтылды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы ауылдарының 40% жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз етілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл жайлы онлайн форматта өткен баспасөз мәслихаты барысында ШҚО Цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы Марина Гагарина мәлім етті.

«Өңірде «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Облыстағы 683 елді мекеннің 277-і, яғни 40,5 пайызы секундына 8 мбит-ке жететін жоғары жылдамдықтағы интернетпен қамтамасыз етілген. 261 ауылда жылдамдығы секундына 8 мбит-ті құрайтын интернет бар», - деді ол.

Марина Гагаринаның айтуынша, шалғайдағы ауыл тұрғындарының кең жолақты мобильді интернетке қол жеткізуіне мүмкіндік беретін «250+» жобасы да жүзеге асырылуда.



Соңғы жаңалықтар