ШҚО ауылдарын сапалы ауызсумен қамту үшін қандай шаралар атқарылуда

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауылының бірқатар елді мекеніне ауызсу тартылуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңірде былтыр жалпы құны 2934,5 млн теңгені құрайтын сумен жабдықтау объектілерін салу және қайта жаңарту бойынша 5 жоба іске асырылған. Оның ішінде 4-і Солоновка, Аршаты, Ақсу, Шыңғыстай ауылдарына су құбырын тарту бойынша жүргізілді.

«Топқайың ауылындағы реконструкциялау жұмыстары 2022 жылы жалғасады. Сонымен қатар халық саны 200-ден аз 3 елді мекенге блокті-модульді станция орнатылды. Ал Солоновка және Аршаты ауылдарына су құбыры салынды», - деді «Builder Gold» ЖШС директоры Ақжан Айтмұхамбетов.

Айта кетейік, Солоновка ауылы Катонқарағай ауданының орталығынан 20 шақырым, Өскемен қаласынан 323 шақырым жерде орналасқан. Жоба аясында ауылға 11 шақырым су құбыры желісі тартылды. Әкімшілік нысандарды да су құбырына қосу қарастырылған.


Соңғы жаңалықтар