+7 (701) 759 90 19
USD 443.50 EUR 479.47
RUB 5.79 CNY 62.51
Jańalyqtar

ШҚО ауруханасына коронавирус жұқтырған Қытай азаматтары жатқызылады деген ақпарат жалған – әкімдік

2020 жылғы 20 ақпан 10:42
Бөлісіңіз:
ШҚО ауруханасына коронавирус жұқтырған Қытай азаматтары жатқызылады деген ақпарат жалған – әкімдік

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі Зайсан ауданында коронавирус жұқтырған Қытай азаматтары жатқызылады деген ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Карантин шаралары коронавирустың таралуын 52-ден 12 пайызға азайтты – Елжан Біртанов Түркістан облысында 5 жасар сәби анасынан вирус жұқтырған Шымкентте коронавирустан 1 адам қайтыс болды

Кешелі бері әлеуметтік желілерде «коронавирус жұқтырған Қытай азаматтары Зайсан ауданына жеткізіліп, жергілікті ауруханаға жатқызылады» деген сыңайдағы ақпараттар тарап кеткен. Осыны естіп үрейленген Сартерек және Айнабұлақ ауылының тұрғындары топ болып көшеге шығып, сондағы ауруханалардың алдына жиналды. Олар шекараның жабылуын талап еткен.

«Облыс әкімі Даниал Ахметов жұртты тыныштандыру үшін Зайсанға келді. Өңірімізге науқас адамдар әкелінеді деген ақпарат жалған. Шындыққа сәйкес келмеймін мәліметтерді таратқандар қылмыстық жауапқа тартылатынын еске саламыз», - дейді облыс әкімінің баспасөз қызметі.

19 ақпан күні аймақ басшысы Даниал Ахметов халық алдында есеп беру кездесуінде шекаралас ауыл тұрғындарын коронавирустан үрейленбеуге шақырған еді.

«Қазақстанда инфекция жұқтырған ешкім жоқ. 17 ақпаннан бастап Қытайдан келген әрбір азамат 2 аптаға обсервациялық бақылауға жатқызылады. Облыстың медициналық мекемелерінде коронавирусқа қарсы препараттар қоры жеткілікті. Сондықтан баршаңызды үрейленбеуге шақырамын. Жағдай бақылауда», - деді Даниал Кенжетайұлы.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT