ШҚО ауруханаларында жарты миллионнан астам дәрі-дәрмек қоры бар

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысындағы медициналық мекемелерде жарты миллионнан астам дәрі-дәрмек қоры бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Өңірдегі барлық ауруханаларда науқастарға медициналық көмек көрсету үшін дәрілік препараттар қоры жеткілікті. Атап айтқанда, 144 мыңнан астам ыстық түсіретін және 65 мың вирусқа қарсы дәрі, сондай-ақ 300 мыңнан астам антибиотик бар. Бұдан бөлек, облысқа көптеген елдерде қолданылып жүрген жапон ғалымдары әзірлеген «Фавипиравир» препараты әкелінді», - деді ШҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде онлайн форматта өткен баспасөз мәслихаты барысында облыстық Денсаулық сақтау басқармасының өкілі Асқар Хорошаш.
Оның айтуынша, дәрі-дәрмектің бұл қоры ауруханалардағы төсек-орын толған кезде пациенттерге 1 ай бойы көмек көрсету үшін жеткілікті.
«Сонымен қатар жоғары сұранысқа ие дәрі-дәрмектер мен жеке қорғаныс құралдарының тұрақтандыру қоры құрылды. Облыстың барлық медицина қызметкерлері індетке қарсы костюмдердің, маскалардың, респираторлардың және қолғаптардың 60 күндік қорымен қамтамасыз етілген», - деді Асқар Хорошаш.
- БЖЗҚ уәкілетті операторлармен өзара іс-қимыл туралы келісім жасады
- Атырау облысына «Спутник V» вакцинасының 1 мың дозасы әкелінеді
- Өскемен тұрғынынан 2 млн теңгенің есірткісі тәркіленді
- Ақпан айында Қызылорда облысында коронавирусқа қарсы вакцина егу басталады
-
Қостанай облысында КВИ сынамасын өңдейтін мобильді зертхана ашылды
-
Коронавирусқа қарсы вакцинация: Жиі қойылатын сұрақтардың жауабы
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам