+7 (701) 759 90 19
USD 422.87 EUR 503.38
RUB 5.6 CNY 64.3
Jańalyqtar

ШҚО арқылы өтетін бірқатар пойыз бағыттары қысқарды

2020 жылғы 31 қазан 18:36
Бөлісіңіз:
ШҚО арқылы өтетін бірқатар пойыз бағыттары қысқарды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Ел аумағында коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шешіміне сәйкес Шығыс Қазақстан облысындағы бірқатар бағыттағы жолаушылар пойызының маршруттары қысқартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
ШҚО-да «Дәрмек» шарасы барысында 15 заңбұзушылық анықталды ШҚО-да 300 шақырымға жуық жол жөнделді Шығыс Қазақстан облысында мектептерді жөндеуге 11 млрд теңге бөлінді

«Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесіне бірқатар өзгерістер енгізілді.

Атап айтқанда, қарашаның 2-сінен бастап «Павлодар-Алматы-2» бағытындағы пойыздың Дегелең, Семей, Жаңа-Семей, Шар, Жаңғызтөбе, Жарма, Үшбиік, Аягөз, Ақтоғай станцияларында жолаушыларды отырғызуға және түсіруге тыйым салынады. «Алматы-2-Өскемен-1» пойызы бұрынғыдай күн сайын емес, күн аралатып жүретін болады. Сонымен қатар «Нұр-Сұлтан Нұрлы Жол - Өскемен-1» пойызы күн сайын емес, аптасына бір рет қатынайды.

«Шығыс Қазақстан облысының барлық станцияларынан түсетін жолаушыларда тапсырылғанына 3 күннен аспаған COVID-19 инфекциясын жұқтырмағандығын растайтын сынама нәтижесі болуы керек. Осыған дейін пойыз билетін сатып алғандар ақшаларын қайтара алады. Жолаушылар пойыздарының жүру кестесі туралы барлық ақпаратты «105» нөмірі бойынша біле алады. Тұрғындарға коронавирус пандемиясы кезінде дерттің таралуының алдын алу мақсатында қабылданған шараларға түсіністікпен қарауға шақырамыз», - делінген хабарламада.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT