ШҚО архивінен саяси қуғын-сүргін құрбандары жайлы 2,5 мың іс қаралды

None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысының архивтерінен саяси қуғын-сүргін құрбандарына қатысты 2 мыңнан астам іс қаралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, өңірде саяси қуғын-сүргін құрбандарын оңалту мәселелері жөнінде арнайы комиссия құрылған.

Соның аясында жан-жақты зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

«Бүгін халқымыз саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алып, олардың ардақты есімдерін аза тұтуда. Қасіретті кезеңді бастан өткеріп, қаншама жазықсыз жанның жапа шеккені, мыңдаған тағдырлардың тапталғаны ащы шындық. Олардың рухына құрмет көрсетуді әр уақытта естен шығарған емеспіз. Облыстағы комиссияның сарапшылары 2023 жылдың 1 тоқсанының қорытындысы бойынша 107 қорды зерделеп шықты. Соның нәтижесінде саяси қуғын-сүргін құрбандарына қатысты 2466 іс қаралды», - дейді аймақ басшысы Даниал Ахметов.

Оның айтуынша, жас ұрпақ халқымыздың басына түскен зұлмат жылдар мен Алаш арыстарының ардақты есімдерін білуге міндетті.


Соңғы жаңалықтар