ШҚО археологтары «Қазақстан тарихы» трилогиясын жарыққа шығармақ

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысының археологтары мен ғалымдары 14 мемлекеттің кітапханаларында жұмыс істеп, тарихи құнды деректерді жинақтауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО әкімі Даниал Ахметов белгілі археолог-ғалымдар Зейнолла Самашев және Әбдеш Төлеубаевпен кездесіп, «Қазақстан тарихы» трилогиясы жобасын талқылады.

- Еліміздің жетекші тарихшылары мен ғалымдары Ватикан, Қытай, Түркия, Ресей, Иран, Ұлыбритания сынды 14 елдің кітапханаларында орналасқан қолжазбалармен жұмыс істейтін болады. Сондай-ақ «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жиналған талдамалық материал пайдаланылады. Трилогияның бір томының Шығыс Қазақстан аумағындағы қазба жұмыстары барысында табылған археологиялық ашулар мен артефактілерге арналғаны қуантады, - деді аймақ басшысы.

Шежіреде ғалымдар ел тарихы үшін маңызды және айтулы оқиғаларға ден қоймақ.

- Трилогиядағы «Халық мақтанышы» тарауы ерекше орынға ие. Онда еліміздің жетекші ғалымдары мен қоғам қайраткерлерінің өмірінен жаңа деректер жарияланатын болады. 2022 жылдың мамыр айына қарай 2 томның авторы Зейнолла Самашев өз жұмысын аяқтайды. Бүгін ол маған басылымның алдын ала жасалған жоспарын ұсынды. Трилогия қазақстандықтарға тарихи олқылықтардың орнын толтыруға және көптеген сұрақтарға жауап алуға көмектеседі деп сенемін. Авторларға маңызды тарихи басылымды дайындау жолында жемісті жұмыс пен сәттілік тілеймін, - деді Даниал Ахметов.

Соңғы жаңалықтар