ШҚО аралында қалып қойған 3 бала құтқарылды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысының құтқарушылар аралда қалып қойған балаларға көмек көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін ата-анасының қарауынсыз қалған 11 және 16 жас аралығындағы үш бала Үлбі өзенінің жағасындағы аралда ойнап жүрген. Үйге қайтар кезде балалар өздігінен жағаға жете алмайтындықтарын көрді. Олардың ішіндегі ең ересегі суды кешіп өтіп, жақын маңдағы құтқарушылар бөлімшесіне хабар берген.

«Оқиға орнына жеткен жедел-құтқару жасағының құтқарушылары үрлемелі қайықпен балаларды бергі жағаға апарып тастады. Тоңып қалған балалар Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері қарап шыққан соң, ауруханаға жеткізілді», - делінген облыстық ТЖД таратқан хабарламада.

Осы ретте, департамент ата-аналарға балаларды қараусыз қалдырмай, қауіпсіздік шараларын түсіндіру қажеттігін ескертеді. Еш уақытта жағалауда және мұз ойықта ойнауға болмайды.


Соңғы жаңалықтар