ШҚО: Алтай ауданына әскер мен техника жіберілді

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысындағы су тасқыны кезеңінде ықтимал қауіптердің алдын алу және мониторинг жүргізу мақсатында Алтай ауданына 68303 әскери бөлімінің 15 әскериі мен 2 техника жіберілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аймақтағы төтенше жағдай департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, жіберілген күштер мен құралдар Зубовск кентінде су тасқынын бақылайтын 2 бекет ұйымдастырған.

«Әскерилермен халықтың әлеуметтік осал топтарына көмек көрсету және арық жүйелерін тазалау бойынша алдын алу жұмыстары жүргізілуде. Заречный көшесінде 25 метр арық жүйелері мұздан арылды, Грязнушка өзеніндегі көпірдің асты ені 2 метр, тереңдігі 70 сантиметр тазартылды. Лазо көшесінде халықтың әлеуметтік осал топтары тұратын үйлерден бастап, ұзындығы – 135 метр, ені 90 сантиметр арық жүйелерін қардан тазарту бойынша алдын алу іс-шаралары жүргізілді», - делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар