ШҚО әкімінің жаңа баспасөз хатшысы тағайындалды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы әкімінің баспасөз хатшысы болып Жанжігіт Омархан тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жанжігіт Абзалбекұлы осыған дейін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз хатшысы қызметін атқарған. Журналистика, құқықтану, мемлекеттік және жергілікті басқару мамандықтарын тәмәмдаған және әлеуметтік ғылымдар магистрі.

Еңбек жолын 2009 жылы «Астана» телеарнасы бағдарламалар қызметінің репортеры, тілшісі болып бастады.

2010-2011 жылдары «Астана» телеарнасындағы «Қайырлы таң», «Қауіпсіз жол» бағдарламаларының тележүргізушісі. 2011-2015 жылдары Қазақстан ұлттық арнасында «Иман айнасы» бағдарламасының жүргізушісі.

2015-2016 жылдағы «Еуразия бірінші» телеарнасының «Ашығын айтқанда» ток-шоуының жүргізушісі болды. 2016-2018 жылдары «Астана» телеарнасындағы авторлық «Өзекті» тележобасының жүргізушісі, жетекшісі.

2018-2019 жылдары Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасы «Өңірлік коммуникациялар қызметі» КММ басшысының орынбасары және басшысы болып қызмет етті.

2019 жылдың сәуірінен қазаны аралығында «ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясы» АҚ-ның баспасөз қызметінің басшысы. 2019 жылдың қазанынан осы уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз хатшысы болып еңбек етті.


Соңғы жаңалықтар