ШҚО әкімі мүлікті заңдастыру бойынша ақпаратты халыққа қарапайым тілмен түсіндіруді тапсырды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаев кеңейтілген отырыста заңдастыру комиссиясына шығып, адамдарға көмектесуге шақырды. Оның пікірінше, мүлікті заңдастыру қорытындылары одан да жақсы болуы мүмкін. Әзірше аймақта заңдастыруға 806 млн. теңгеге өтініш келіп түсті, олар бойынша жұмыс жүргізілуде.
«Халықпен кездесіп, қарапайым әрі түсінікті тілмен түсіндіріңіздер», - деді ол.
Бұдан басқа, қаржы басқармасының бастығы Ләзиза Кенжетаеваның айтуынша, бәсекелес ортаға квазимемлекеттік сектордың 60 кәсіпорны тапсырылады. Олардың 13-і - облыстық коммуналдық меншік нысандары болса, 39-ы - аудандар мен қалалардағы кәсіпорындар.
Биыл 6 кәсіпорын, алдағы жылы - 16, 2016 жылы - тағы 38 кәсіпорын жекешелендіріледі. «Ертіс» ӘКК ҰК» АҚ-ның еншісіндегі 8 ұйым да жекешелендірілетін болады.
Сатылуға дайындалып жатқан «Шығыс Қазақстан аймақтық-экономикалық компаниясы», «Шығысэнерготрейд», «Шығыс машина зауытына» келетін болсақ, облыс әкімі бұл кәсіпорындардың «жекешелендіру» тізімінен шығарылуы үшін ҚР Үкіметіне арнайы хат дайындауды тапсырды.
«Бұл маңызды нысандарды қайтару үшін көп күш жұмсадық. Бірінші кезекте шынайы қожайыны жоқ нысандарда тәртіп орнату керек», - деп атап өтті облыс әкімі.
- ШҚО-да бір түнде 26 адам қар құрсауынан құтқарылды
- ШҚО-да шектеу шаралары 7 ақпанға дейін ұзартылды
- Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарындағы бірқатар жол жабылды
- Аязда көлігі сынып, бір шақырымдай жаяу жүрген жүргізуші құтқарылды - ШҚО
-
Ақмолада әкім орынбасары мен бөлім бастығы жер телімі үшін кәсіпкерден пара сұраған
-
Шығыс Қазақстан облысында боранға байланысты жол жабылды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам