ШҚО әкімі медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жұмыстарын күшейтуді тапсырды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Кеңейтілген аппараттық кеңес барысында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов аймақ басшылығының дәрігерлердің кәсіби деңгейін арттыруға үлкен назар аударатынын айтты. Бұл туралы әкімнің ақпарат орталығынан хабарланды.

Шығыс Қазақстан әкімдігінің кеңейтілген аппараттық кеңесінің барысында белгілі болғандай, 2014 жылдың 11 айының ішінде жекеменшік тұлғалармен 391 келісімшарт жасалып, 77,9 млрд. теңгеге несие берілді.

Бұдан басқа, облыстың әрбір үшінші тұрғынының өз шағын бизнесі бар. Кәсіпкерлікті қолдау орталығының көмегімен Семей және Өскемен қалаларында 51 жобаны қаржыландыруға 4,1 млрд. теңге бөлінген. Сондай-ақ отырыс барысында аймақтағы медицина және денсаулықты сақтау мәселелері көтерілді. Облыс әкімі Д.Ахметов ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының бастығы Вадим Овсянниковке медициналық қызметкерлердің біліктілігін арттыру бойынша жұмыстарды күшейтуді тапсырды. «Мемлекет денсаулық сақтау саласы үшін үлкен мүмкіндіктер тудырып, жағдайлар жасауда. Ауруханалар салынып, жаңа жабдықтар сатып алынуда. Енді мамандардың білім деңгейін арттыру маңызды. Егер оқыту, тіпті шетелде оқып келу қажеттілігі туындаса, біз қаражат бөлуге дайынбыз. Осының барлығы уақытты талап ететінін түсінеміз, бірақ жұмыс жүйелі, дәйекті түрде жүргізілуі тиіс», - деп түйіндеді сөзін Д.Ахметов.

Соңғы жаңалықтар