ШҚО әкімі аймақтағы су тасқынына қарсы жүргізіліп жатқан шараларға көңілі толмайтынын айтты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Облыстық әкімдікте өткен отырыс барысында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов су тасқынына қарсы жүргізіліп жатқан шараларға көңілі толмайтынын білдірді. Мамандар өзен тасуы мүмкін орындарды әлі күнге дейін анықтай алмай жүр, деп хабарлайды YK-news.kz.

Су тасқыны қаупі бар аймақтарды анықтау үшін Даниал Ахметовтің тапсырмасымен бес жұмыс тобы құрылды. Жедел қызметтердің өкілдері аудандардың тізімін құрып, сондай-ақ болуы мүмкін проблемаларды жою үшін ескертулер мен оларды жою алгоритмін ұсынуы тиіс еді. Алайда, жауапты қызметкерлердің есебін тыңдаған облыс әкімі қанағаттанған жоқ.

«Бірінші кезекте қауіпті жерлерді анықтап, бұл аймақтар бойынша нақты қорытынды жасау керек еді. Бұл орындар қайда? Жұмыс қайда? Сіздер ескертулер жазып, олар бойынша шаралар жоспарын құруларыңыз тиіс болған. Бұл менің бұйрығым болған, оны қадағалайтын боламын. Ал сіздер үнсіз отырсыздар!» - деп атап өтті аймақ басшысы.

Отырыс соңында облыс әкімі тасқын қаупі бар аймақтарды анықтау бойынша шаралар жоспарын үш күннің ішінде құруды тапсырды. Айта кетейік, биыл қардың жоғары деңгейі Зырян, Көкпекті, Қатон-Қарағай, Глубокое, Шемонаиха, Жарма аудандарында тіркелген.

Соңғы жаңалықтар