ШҚО әкімі аймақта сүт өндірісін дамытудың жол картасын дайындауды тапсырды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстанда сүт өндірісі мен оны қайта өңдеуді дамытудың жол картасы дайындалмақ. Бүгін ҚР Президентінің «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» Жолдауын талқылау бойынша идеологиялық актив кезінде аймақ басшысы Даниал Ахметов экономиканы дамытудың басты жеті басымдығын атап өтті.

«Агроөнеркәсіптік» міндеттердің арасында ол облыс әкімі Нұрлыбек Шерубаевқа қала және аудан әкімдерімен бірге сүт өндірісі мен оны қайта өңдеудің «Жол картасын» жасауды тапсырды.

Бұл «көлемді» тапсырманы аймақ басшысы әрқайсысына жеке тоқталып түсіндірді. Атап айтқанда, ол жұмыс тобына мал шаруашылығындағы сүт өнімдерін шығаруды дамыту бойынша инвестициялық жобалардың әлеуетті борышкерлерінің өндірістік-қаржылық қызметіне талдау жасауды тапсырды. Құрылыс және ауыл шаруашылығы басқармаларына бірлесіп отырып сүт-тауарлық фермалардың типтік жобасын жасау да тапсырылды.

Бұдан басқа, екі айдың ішінде «ҚазАгроҚаржы» арқылы бағдарламаларды іске асыруда материалдық-техникалық, жем азығы базасы, қаржылық жағдайы, еңбек ресурстарының болашағы мен одан әрі даму мүмкіндіктерін есепке алып, өндірістік әлеуеті бар ірі қаржылық-тұрақты ауылшаруашылығы құрылымдарының базасын талдап, ұйымдастыру тапсырмасы берілді. Әрбір шаруашылық бойынша экономикалық төлқұжат пен даму жоспары болуы тиіс.

Актив отырысын қорытындылай отырып, аймақ басшысы экономикалық өсім бойынша барлық міндеттерді орындау негізінде «жасыл» технологиялар болуы тиіс екеніне ерекше назар аударды.

Активте агроөнеркәсіптік секторда ағымдағы жылы жалпы сомасы 11,2 млрд. теңгеге 152 жобаны іске асыру жоспарланғаны атап өтілді. Соның ішінде 61 жоба - «ҚазАгро» АҚ-ның желісі арқылы іске асырылмақ. Бүгінде 108 жоба (71 пайыз) іске қосылды. Ауыл шаруашылығы саласын дамыту «Агробизнес-2020» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес жалғастырылады. АӨК дамыту үшін қорлардың барлық түрлерінен 32 млрд. теңге қаржы тартылады, соның ішінде 13 млн. теңге субсидия түрінде бөлінеді.

Соңғы жаңалықтар