ШҚО әкімдігінің қасындағы ғимаратқа бомба қойылғаны туралы хабар түсті

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облыстық әкімдігінің қасындағы ғимаратқа бомба қойылғаны туралы хабар шындыққа сәйкес келмейтін болып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 8 маусым күні сағат 11.06-да Қазақстан көшесіндегі облыстық әкімдіктің қасындағы ғимаратқа бомба қойылғаны туралы хабар түскен. Бұл ғимаратта мемлекеттік мекемелер мен бірқатар басқарма орналасқан. Оқиға орнына бірден арнайы мамандар келіп жетті.

«Қауіпсіздік мақсатында қызметкерлер мен келушілер эвакуацияланды. Алайда тексеру барысында ешқандай жарылғыш зат анықталған жоқ», - делінген ақпаратта.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 273-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Жалған хабар берген адам заң бойынша бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Өскеменде Ресейде тіркелген көлік жол ережесін 84 рет бұзғанын хабарлаған едік .


Соңғы жаңалықтар