+7 (701) 759 90 19
USD 433.15 EUR 515.06
RUB 5.61 CNY 66.06
Jańalyqtar

ШҚО: 8 наурызда 28 мыңға жуық көпбалалы анаға бірреттік төлем беріледі

2021 жылғы 3 наурыз 18:29
Бөлісіңіз:
ШҚО: 8 наурызда 28 мыңға жуық көпбалалы анаға бірреттік төлем беріледі

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай 28 мыңға жуық көпбалалы анаға бірреттік төлем беріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
ШҚО полицейлері 5 тоннадан астам заңсыз ауланған балықты тәркіледі ШҚО-да жыл басынан бері 61 көлік өртенген ШҚО-да аязды күні 200-ден астам адамға көмек көрсеткен азаматтар марапатталды

ШҚО әкімі баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, мереке қарсаңында көпбалалы аналар 5 АЕК (14 585 теңге) мөлшерінде бірреттік төлем алады.

«Нақты айтсақ, «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлері немесе бұрын «Батыр Ана» атағын алған және 1 және 2-дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған 13058 көпбалалы ана, сондай-ақ бірге тұратын 4 және одан да көп кәмелетке толмаған балалары, оның ішінде орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында, жоғары оқу орындарында күндізгі оқу бөлімінде оқитын балалары бар 14707 көпбалалы анаға бірреттік төлем беріледі», - делінген хабарламада.

Жалпы 2021 жылы аталған төлемдерге 27 765 көпбалалы ана үшін 404 955 мың теңге қарастырылған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Ұқсас жаңалықтар
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT