USD 434.34 EUR 491.93
RUB 5.56 CNY 68.67
Jańalyqtar

ШҚО: 3,5 млн теңге қарызы бар адам Алматы облысынан табылды

2021 жылғы 3 желтоқсан 14:51
Бөлісіңіз:
ШҚО: 3,5 млн теңге қарызы бар адам Алматы облысынан табылды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында 3,5 млн теңге қарызы бар 60 жастағы ер адам Алматы облысы аумағынан табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда қару-жарақ қоймасы табылды Коронавирус: ШҚО-дағы ауруханаларда 90 күнге жететін дәрі-дәрмек қоры бар ШҚО-да демалыс күндері 13 өрт болды

Семей қаласы Полиция басқармасының көші-қон қызметі бөліміне жеке сот орындаушысынан қаулы келіп түсті. Онда жазылғандай, 60 жастағы ер адам бизнес серіктесінен 3 500 000 теңге қарыз алып, қайтармай қойған.

«Борышкерге іздеу жариялағаннан кейін көші-қон қызметінің өкілдері 4 күн ішінде оның Алматы облысында тұрып жатқандығын анықтады. Енді қарызды өндіріп алумен сот орындаушылары айналысуда», - деп хабарлады ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Осы ретте, көші-қон қызметі атқару құжатын орындамағандарға ҚР ӘҚБтК-нің 669-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілік және ҚР ҚК-нің 139-бабына сәйкес қылмыстық жауапкершілік көзделгенін ескертеді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059

MURAǴAT